Жаңаөзендегі сот процесін otyrar.kz сайтында twitter-трансляциясы арқылы көруге болады

240

Жаңаөзендегі сот отырысы дәлме-дәл уақытта көрсетілетін болады.

Жаңаөзендегі сот процесін otyrar.kz сайтында twitter-трансляциясы арқылы бақылауға болады. Сайттың басты бетінде «Осы кезге келіп түскен жаңалықтар» (Новости в режиме реального времени) айдарында Атыраудағы әріптестеріміз сот барысын хабарлап отырады.

27-наурыз күні сағат 15.00-де Ақтау қаласында өткен жылдың 16-17 желтоқсанында Жаңаөзен қала­сын­да орын алған оқиғаға қатысты қозғалған қыл­мыстық іс бойынша алғашқы сот отырысы өтеді. Бүгін теңертең өтуі тиіс болған сот отырысы күндізгі сағат 15.00-ге ауыстырылды. Уақытының өзгеруі Судья Аралбай Нағашыбаевтың мәлімдеуінше, сот процессіне шақырылған бұлтартпас шаралары кезінде ешқайда кетпеу, өзін-өзі ұстау және қолхатпен жүрген кәмілетке толмаған айыпталушы Мұқашев Нұрсұлтанның заңды өкілі бүгінгі сот мәжілісіне келмеуіне байланысты.

Жаппай тәртіпсіздік жасады деген айыппен қозғалған қылмыстық іске 37 адам тартылған. Оған қоса сот отырысына 100-ден астам жәбірленуші мен 45 куәгер, 6 мем­ле­кеттік айыптаушы және 12 қорғаушы қатыспақ.

Сот отырысын көрермендер арнамыздың сайты  otyrar.kz  сайтының твиттерінде Онлайн режимінде көруіне болады.