«Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбына ең үздік суретке байқау жарияланды

712

Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы «Жастардың арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімді арттыру» жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасындағы орта мектептердің 8,9,10, 11-сынып оқушыларының арасында «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбына ең үздік суретке байқау жариялайды.

Жоба туралы қысқаша ақпарат: «Жастардың арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімді арттыру» жобасын Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы ҚР Білім және ғылым министрлігімен, ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыспен күрес жөніндегі Агенттігімен бірге, сондай-ақ «Сорос-Қазақстан» қорымен және «Ар.Рух.Хақ» ҮЕҰ серіктесе іске асыруда. Жоба шеңберінде жастардың арасында заңды білу деңгейін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұлттық сарапшылар орта мектептердің жоғарғы сыныптарында (8, 9, 10, 11) сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбында сыныптан тыс сабақтар өткізу үшін орта мектептердің ұстаздарына арнап әдістемелік құралдар әзірлеп шығаруды қарастыруда.

Байқаудың мақсаты
Жастарға ойындағы қоғамдағы ұсақ («тұрмыстық») сыбайлас жемқорлық мәселелерін көрсетуге мүмкіндік беру.
Жастардың елдің қоғамдық өміріне қатысуын арттыру.
Жастарды әлеуметтік мәселелерді шешуге тарту, соның ішінде шығармашылық тұрғыдан дамыту.
Өтінімге қойылатын талаптар
Сурет форматы: А4, түрлі түсті
Сурет тақырыбы: «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы»
Басқаларға ұқсамау, шығармашылықпен қарау құпталады!
Кім қатыса алады
Қазақстан Республикасындағы орта мектептердің 8, 9, 10,11-сынып оқушылары

Байқауға қатысу үшін
2012 жылдың 16 наурызына дейін 010000, Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 10 мекенжайына, «Экология және экономика департаменті» деп көрсетіп, суретті және аты-жөні, сыныбы, мектеп нөмірі, қалалық және байланыс телефондары көрсетілген толтырылған өтінімді (төменде қараңыз) жіберу керек.

Суреттерді таңдау
Барлық келіп түскен өтінімдер тіркеліп, егжей-тегжейлі қарастырылады. Байқау қорытындылары бойынша ең үздік жұмыс авторға сілтеме жасалып, кең таралатын басып шығарылатын Оқу құралының мұқаба бетінде жарияланады. Жеңімпазға ең үздік жұмысы үшін мақтау қағазы мен Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының атынан естелік сыйлық тапсырылады.
Өтініш берушілердің назарына, байқау нәтижелері мен өтінімдерді қарастыру мәртебесі туралы ақпарат жарияланбайды. Байқау жеңімпазына жеке хабар беріледі. Алынған суреттер қайтарылмайды. Орталық жоба қызметінің шеңберінде суреттерді пайдалану құқығын өзінде қалдырады. Қызықты жұмыстар болашақта кең тарату үшін қарастырылады.

Сұрақтар туындаған жағдайда Жоба жүйелеушісі Зарина Лигайға zarina.ligay@osce.org, эл. поштасы арқылы немесе +7 (7172) 59 19 53 (ішкі 7024) тел. арқылы хабарласуға болады.