Жерлесіміз Бабур Артықбаев Еуразия үздігі атанды

258
Шымкенттің кикбоксшылары республикада үздік танылды

Жуырда ғана Хабаровсктан жағымды хабар келді. Еуразия үздігі атану үшін епті кикибоксшылар тартысқа түсті. Олардың арасында Шымкенттік Бабур Артықбаев та бар. 75 келі салмақтағылар арасында Бабур ресейлік Магамед Магамедовты 8-раундта нокаутқа жіберіп, чемпион атанды.

Ал оның ізбасарлары Қостанайда өткен Қазақстан чемпионатынан оралды. Облыс қоржынында 7 алтын, 6 күміс және 3 қола медаль бар. Нәтижесінде жерлестеріміз командалық есепте бірінші орыннан көрінді.