Ғаламтор арқылы танысып, ақша тапқан алаяқ құрықталды

288

Ғаламтор арқылы танысып, ақша тапқан алаяқ құрықталды. Бұл туралы бүгін ІІД өткен брифингте айтылды.

1966 жылы туылған Шымкент қаласының тұрғыны Талғат деген лақап атымен талай жанды алдап келген. Ол қармағына ғаламтор арқылы қалталы 30-50 жас аралығындағы әйелдерді танысу арқылы түсірген. Алдымен сеніміне әбден кіріп, содан соң кездесу ұйымдастырған. Арадағы жағдайды бейнекамераға түсіріп, одан соң оны жұртқа жария етемін деп қорқытып қомақты қаражат алып келгені белгілі болды.

Ол талап еткен ақшаны таба алмай, әбігерге түсіп қиналған әйелдердің бірі арқылы алаяқ қолға түсті. Бес рет сотты болған азамат енді тағы да темір торға қамалауы мүмкін.