Автовокзалдар мен автобекеттер базарға айналып барады

311
автовокзалдар базарға айналды

Төлеби мен Қапал батыр көшелері қиылысындағы күнделікті тыныс тіршілік. Мұндағы автобекеттен көліктер Ленгір бағытында қатынайды.

Облыста осындай 25 бекет тіркелген. Алайда, олардың көпшілігінің жұмысы сын көтермейді. Жолаушыларды тасымалдайтын өңіріміздегі автовокзалдар да негізгі міндеттерін өз деңгейінде орындамауда.

Әбілсейіт Рабаев, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы: «Талапқа сай емес, сауда саттық компьютер ойындары залын салып тастаған. Әкімдіктер тек жер телімін бөлумен шектелген, ұйымдастыру жұмыстарымен айналыспайды.

Дәл осындай жағдай Шымкент қаласындағы «Самал» автовокзалында қалыптасқан. 2008 жылы ашылғанда мұнда қоғамдық көлік тұратын арнайы орындар, жолаушыларға да жағдай жасалған болатын. Алайда, игі іс ұзағынан болмай, ол жерлер қазір ұсақ сауда орындарына айналған.

Автовокзалдар мен автобекеттерді табыс көзіне айналдырғандар қоғамдық орынды өз мақсатымен пайдаланбаса, кәсібінен айрылуы әбден мүмкін. Өйткені, алдағы сәуір айында құрамында сала мамандары бар арнайы топ тексеру шараларын жүргізеді.