Белсенді кәсіпкерлік ел дамуының кепілі

Өнеркәсіп және кәсіпкерлікті қолдау басқармасындағылар "Меланждың" мұндай күйге түсуіне себеп көп деп отыр.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін кәсіпкерлік белсенділікті қолдауға байланысты бірқатар заңдар қабылданды. Атап айтсақ 1991 жылы Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына «Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы мен шаруашылық қызметтің еркіндігі туралы» және 1992 жылы «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы» заңы кәсіпкерліктің дамуына жаңа күш берді.

Айта кетейік, Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті мен «Отырар» телеарнасы ұсынып отырған Кәсіп пен Нәсіп бағдарламасының аясында сіздер жеке істі дөңгелетудің қыр сыры мен қажетті ақпарларға қанығасыздар.

Өңірімізде 2005 жылы құрылған кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің мақсаты да әуелгі бастаманы дамыту. Облыс шеңберінде іс бастаймын деген азаматтардың барлығы осы мекеменің табалдырығын аттап, қажетті кеңестерге сусындай алады. Қазыбек би көшесінде орналасқан басқарма құрылымы 5 бөлім, жалпы 31 штат бірлігінен тұрады.

ОҚО өткен жылғы есеп бойынша белсенді кәсіпкерлердің саны 124 мыңнан асып жығылған. Соның нәтижесінде 300 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылып, 465 млрд. теңгеден астам өнім өндірілген. Жалпы экономиканы тұрақты болуы және оның бәсекелік сипатын қалыптастырудың басты күштерінің бірі кәсіпкерлік – қызметтің ерекше бір түрі ғана емес. Бұл тағы да белгілі стиль және тәртіптің типі, жинақтап айтсақ: үлкен бастама, дәстүрден тыс шешімдерді іздестіру, тәуекелге бару.

Кәсіпкер – бұл тәуекелге баратын кісі. Қолға алған істің егжей-тегжейін айқын талдап, қортындысын болжай білетін адам. Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің және серіктестерінің немесе акционерлердің қаржыларын тәуекелге салады.

Өткен жылы тау кен өнеркәсібінде 83 млрд. теңге өнім өндіріліпті. Ал қайта өңідеу саласы бойынша 67 пайызы өнім өндіріліп, оның жалпы құны 241 млрд тегеге жеткен. Жыл басы