Дипломмен ауылға аттанғандар біліктілігін арттыруға келді

357
дәрігердің біліктілігін арттыру барысы

Елбасының «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы ауылдарда қызмет етіп жүрген дәрігерлер біліктілігін арттыру мақсатында оқуға келді. Әрқайсысы әр ауылдың білікті дәрігері. Дипломмен ауылға аттанған олар үшін барлық жағдай жасалған, мемлекет тарапынан. Тоқсан сайын өз біліктіліктерін аттыру мақсатында облыстық оқу-клиникалық симулиятор орталығына келіп, тәжірибе алмасады.

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз-Толыбаева Гүлмира Әділбекқызы. Ол 2008 жылы дәрігер мамандығын бітіре салысымен-ақ, Мақтарал ауданы, Мырзакент қалашығы, Иіржар ауылына дипломмен аттанған. Содан бері ауылда жалпы тәжірибелі дәрігер. Ауыл тұрғындарының денсаулығының жаршысы атанып отырған, жас маман небәрі-27 жаста. Елбасының бағдарламасы арқасында өз үйі бар. Барлық жағдайы жасалған, сол ауылдың келіні бұл күні.

Гүлмира Толыбаева, жас маман:»Елбасының бағдарламасының арқасында жұмысты болдым. Ауыл тұрғындарымен етене араласып, сондағы білікті дәрігерлерден білмегенімді үйреніп жатырмын. Осы бағдарлама болмағанда қаладағы көп жұмыссыздардың бірі болар ма едім, кім білсін? Мен ауылда жұмыс істегеніме мақтанамын. Қаймағы ұйыған нағыз қазақ отбасыларына қолдан келгенше дәрігерлік көмегімді көрсетіп жатқаныма қуыныштымын. Отбасылы болдым, үйлі болдым. Мемлекетім барлыө жағдайымды жасап қойды. Ешкімнен кем емеспін. Ақ халатты абзал жанмын, ең бастысы анамын, сүйікті жармын. Елбасына айтар алғысымда шексіз.»

Гүлмираның айтуынша, ауыл тұрғындарының басым бөлігі салауатты өмір салтын қалыптастырғандар. Сондықтан болар, ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейтіндер қарапайым шаруалармен етене араласып кеткен. Алғашында ауылға бармаймын деп тулаған кезі де болыпты.

Ия, ауылға дәрігерлер әлі де жетіспейді. Бітірушілердің басым бөлігі қызмет сатысын бірден қаладан бастығысы келеді. Десе де, жұмыс табыла кетсе игі. Ауылға баратындар сирек болығанымен, бос орын өте көп. Сондықтан, көк қағазыңды сандықта сақтағанша, ауылға аттанып, тәжірибе алмасудың өзі-ғанибет.