Оңтүстікте конго-қырым қанды қызбасына қарсы залалсыздандыру жұмысы басталды

558

Бүгіннен Шымкентте конго-қырым қанды қызбасына қарсы көктемгі залалсыздандыру жұмыстары басталды. Бұл бағытқа бюджеттен қомақты қаржы да бөлінді. Жұмысты «Төрттүлік белгілері» ЖШС-нің мамандары атқарады.

конго-қырым қанды қызбасына қарсы күрес

«Төрттүлік белгілері» ЖШС-нің мамандары  Шымкент қаласындағы қай үйде мал басы бар екендігін жақсы біледі. Өйткені, олар өткен жылы да осы жұмыспен айналысқан маман. Арқасына асынған бүркігішке салынған Делтеметрин ақ ұнтақты дәріні қораның бұрыштарына себуде.

Конго-қырым қанды қызбасына қарсы залалсыздандыру жұмысының өлкемізде қайта қолға алынғанына биыл екінші жыл. Маусымдық жұмысқа бюджеттен 11 млн. теңге қаражат бөлінген.

Биылғы жоспар 288 мың шаршы метр қора мен 15 мың ірі 24 мың уақ малды дәрілеу. Өкінішке орай, сауынды малдарын жасырып дәрілеуге қарсылық білдіретін жерлестеріміз де жетіп жатыр. Мамандар ондай жағдайда тек қора-қопсыларына дәрі себумен шектелуге мәжбүр.