Шымкентте парк шеруі өтті

«Табиғат- тылсым дүние». Дәл осы тақырыптағы «саябақ шеруі»-табиғатты қорғау акциясы Республикамызда 2006 жылдан бері ұйымдастырлып келеді. Акция бағадарламасы аясында дендросаябаққа да 1500 түп көшет отырғызылды.

Көктем келгелі табиғаттың тылсым сырлары байқала бастады. Ағаштар бүршік атып, құстар да жылы жаққа қанат қақты. Жасылдана жерге төселе өскен өсімдіктер де қаланың көркін ашуда.

Биыл «Табиғат – тылсым дүние» атты «Парк шеруі-2012» табиғатты қорғау акциясы дендросаяқтан бастау алды. Шараға мектеп жанынан құрылған жас орманшылар мен жоғарғы оқу орындарының студенттері, мемлекеттік қызметкерлер белсене атсалысты. Акцияны патриоттық әнмен сабақтаған жастар белсенділік танытып, ағаш егуді де өздері бастады. №77 мектептің оқушысы Нұрдаулет Әбдіғаппар ең алғашқы ағашын отырғызудағы толғанысын жасырмады.

Облысымызда 2011 жылдан бастау алған «Жасыл жапырақ» акциясы жыл сайын 22-наурыз бен 22-сәуір аралығында өтетін дәстүрлі шараға айналған. Игі іске Оңтүстік қазақстан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ұйытқы болып отыр.

Көшеттерді отырғызудың да өзіндік ережесі бар. Оған арнайы бап пен күтім қажет. Өз терегін отырғызуға келген жастарға ардагер-орманшы Ақмырза Еркебаев ағаш отырғызудың жолын көрсетті.

Қоршаған ортаны қорғау акциясы аясында дендросаябаққа 1500-ден астам ағаш отырғызылды. Осылайша “жасыл жапырақ” шарасы жыл сайын жалғасын таппақ.