«Табиғат» рейді кезінде 13 экологиялық қылмыс анықталды

517

Оңтүстікте 13 -16 наурыз аралығында облыстық жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау инспекторлары басқа да мүдделі орган өкілдерімен бірлесе «Табиғат» рейдін өткізді. Іс-шараның мақсаты жер қойнауын өз бетінше пайдалану, заңсыз балық аулау және ағаштарды кесу деректерінің алдын алу, осы бағыттағы құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау еді.

"Табиғат" рейді кезінде 13 экологиялық қылмыс анықталды

Іс-шараның үш тәулігінде заңсыз ағаш кесуге және жер қойнауын өз бетінше пайдалануға қатысты 13 экологиялық қылмыс анықталды. Мәселен, Созақ ауданының тәртіп сақшылары аудандағы Тасты ауылына кіре беріс жолда күдік тудырған «ГАЗ 53» жүк көлігін тоқтатып, сексеуіл ағаштарының тиелгенін анықтады.

Бүгінде шығын көлемі анықталуда, ал автокөлік ақылы айыптұраққа қойылды. Аталған жайт сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру тізіліміне тіркеліп, қылмысты кодекстің 340-бабымен (ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау) іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүруде.

Сондай-ақ, табиғатты қорғау заңнамаларын бұзған 68 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 249 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.