Шымкенттің әкімі ауысты

305

Облыс әкімінің өкімімен облыс орталығын 4 жыл басқарған Арман Жетпісбай қызметінен босатылып, орнына жаңа басшы тағайындалды.

Шымкентті енді бұған дейін Түркістан қаласының әкімі болған Қайрат Молдасейітов басқарады. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов қалалық маслихат депутаттарының келісім негізінде қала активіне жаңа әкімді өзі таныстырды. Алайда, бұл сәттер журналистердің қатысуынсыз өтті.

Ал Арман Жетпісбаевқа қалалық маслихат депутаттары халық қалаулылары мен Шымкент халқымен тығыз байланыста жұмыс жасағаны үшін алғыс хат тапсырды. Сондай-ақ, кезектен тыс шақырылған жиынға қатысушылар Арман Шәріпбайұлын туған күнімен де құттықтады.  Бүгін Арман Жетпісбай 41 жасқа толып отыр.