Студенттер өзара тәжірибе алмасты

280
ашық сабақ барысы

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлкеттік университеті – осы заманға лайық ғылыми ізденістің мызғымас қамалы. Сондықтан болар, мұнда еліміздің өзге облыстарынан студенттер көптеп келіп, тәжірибе алмасады. Солардың бірі ретінде Батыс Қазақстан облысы және Алматы қаласынын келген үш студентті айрақша атауға болады.

Алты айға оқуға келген Нұргүл,Баянсұлу, Гүлназ есімді үш студентті белді университет студенттері қазақтың қонақжайлылығын көрсете отырып, қарсы алды. Олар бұл жолы қонақ кәде дәстүрін көрсетті. Оңтүстікке келіп, өнерсүйгіштікке өзін тәрбиелеп жатқан Нұргүл тәжірибе барысында көптеп достар тапқанына қуанышты.

Нұргүл Жұмаділлова, қонақ студент: «Екі оқу орнының айырмашылығы бар, әрине. Мұнда өнерге тым жақын. Дәрісті де майталман ұстаздар береді. Келгелі бері терме орындауды үйреніп жатырмын. Біз оқып қана қоймай, әріптес достар да таптық. Профессорлар сен студентсің деп емес, сен бес минуты кем мамансын деп қарағаны ұнады маған. «

Ал Баянсұлу мен Гүлназ құрдастарының бойына біткен талантына тәнті. «Екі жоғары оқу орнының айырмашылығы екі түрлі»,-дейді қонақ студенттер.
Қазақтың керемет дәстүрін көпшілікке ұсынған студенттер тақырыпты ашып қана қоймай, барын салды ортаға. Жастардың өнерсүйгіштігі алдыңғы толқын ағаларадан алған үлгі десек те қателеспайміз. Қонақ қыздарды тәнті қылған да осы. Достық пен сыйластықтың нышаны болар, олар бірге ән салғанде еріксіз қол соғасыз.

Осындай жастардың бой түзеп келетіні жанға жұбаныш. Лайым, ертеңіміздің егелрі өнерлі болып, ата-баба дәстүрін өз нақышында дәріптей білгей.