Владимир Клабуцкийді еске алу турнирі басталды

277
320 палуан татамидің үстіне шықты

Қазақстанға еңбек сіңген бапкер Валерий Клабуцкийді еске алуға арналған турнир Шым қалада басталды. 5-ші халықаралық турнирде 15-16 жастағы жеткіншектер белдесті. Бұл жолы 320 палуан ниет білдіріпті. Тәжікстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстанмен Түркмениядан да спортшылар жиналған.

Ян Клобуцкий, дзюдо күресінен аға бапкер:»Валерий Клабуцкийдің арқасында оңтүстік өңірінде спорт дами түсті деуге де болады. Оның шәкірттері Қазақстанның намысын байрақты додаларда қорғай білген».

Бұл турнирде ел намысын 40-тан астам дзюдошы қорғауға тырысуда. Олардың бірі Асқар Батырбеков. Татамидің үстіне шыққанына 5 жылдай болған.

 Асқар Батырбеков, спортшы: «Бұл турнирде осымен үшінші жыл қатарынан қатысып отырмын. Биыл бірінші орыннан көрінсем деп отырмын. Қарсыласым мықты, бірақ менің де дайындығым жақсы».

Жарыс жеңімпаздары медальдардан бөлек құнды сыйлықтар да алатын болады. СОдан кейін отандастарымыз кезекті ресми халықаралық жарысқа дайындығын бастайды. Байрақты дода маусым айында өтеді деп жоспарланып отыр.