Көпқабаты үй аулалары абаттандырылады

260

Қалада көпқабаты үй аулаларын абаттандыру басталды. Биылғы жоспарда 500 ауланың кіре беріс жолдарын асфальттап балалар ойнайтын алаңша салу бар. Бүгінде Абай ауданы бойынша 99 аулада жұмыс басталды. Оған бюджеттен 542 млн. теңге қаражат бөлінген.

Өткен жылы 250 аула көріктендірілген болатын. Биылғы ерекшелік жолдар кеңейтіліп, автокөлік тұрақтары жасалады. Мұнан бөлек Абай ауданында 46 млн. теңгеге 8 спорт алаңшасы салынбақ.

Биылғы ерекшелік сол – жолдар кеңейтіліп, автокөлік тұрақтары жасалады. Балалар ойнайтын ойын элементері бір үлгіде және отандық болуы шарт. Шымкент қаласындағы үш мекеме арнайы ойын элементтерін шығаруға кіріскен.

Алдағы сессияда қажетті қаражат бөлінген жағдайда Шымкент қаласындағы барлық аулалар көріктендіріліп жолдары тегістеледі. Жоспар орындалу үшін 2 млрд. 800 млн. теңге қаражат қажет. Әзірге Абай ауданында 16 мердігер өз міндетерін орындауға кіріскен. Мамыр айында өтетін сессияда қаражат қаралады деген жоспар бар. Енді Еңбекші ауданында 250, ал Әл Фараби ауданында 190 аула салынады. Нәтижесінде қаладағы барлық аула жаңартылып жолдары тақтайдай тегіс болмақ.