Қоқыс тастағандардың басым бөлігі-студенттер

295

Қоқыс тастасаңыз жауапкершілікке тартыласыз. Бүгін Шымкент қалалық ІІБ-ның учаскелік инспекторлары қала тазалығына немқұрайлы қарайтындарды анықтау мақсатында рейд жүргізді.

Іс-шара барысында көпшілік орындарда темекі қалдығын арнайы қоқыс салғышқа тастамайдардың әрекеті көп кездесті. Олардың басым көпшілігі студент жастар.

Бір сағаттық рейдте 5 азамат полицейлердің қолына түсті. Жеке басын анықтайтын құжаты жоқтар аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, түсініктеме алынды. Енді оларға әкімшілік жаза көрілетін болады.