Әйел азаматы жол көлік оқиғасына сеп болды

165

Байтұрсынов және Төреқұлов көшелерінің қиылыстарында таңертең жол көлік оқиғасы тіркеліп үлгерді. Қуантарлығы сол, бұл жол апатына мектеп оқушыларының қатысы жоқ.

Жоғары жылдамдықпен келе жатқан ВАЗ 2114 автокөлігінің жүргізушісі рольді игере алмай, жаяу жүргіншілер жолына шығып кетіп, кинобейне орталығының сыртқы қоршауына соқты. Жолаушылар да, жүргізуші де дін аман.

Тек әйел адамның басқаруында болған автокөлікке айтарлықтай зиян келген. Қазір оқиғаның қалай орын алғаны анықталу үстінде.