Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Әл Фараби аудандық әкімдігі ұйытқы болып, аудандағы мектептерде оқитын жетім, жартылай жетім, аз қамтылған отбасыларының балалары үшін мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
Балалар зообаққа қоғамдық көлікпен жеткізілді. Олардың қауіпсіздігін МАИ қызметкерлері қамтыды. Жануарлар әлемі -зообақтың алдында балаларға тәттілер ұсынылды. Балмұздақ пен салқын сусын ұстаған балалар асықпай зообақты аралап, ондағы жануарлар мен аңдардың сан-алуан түрімен танысты. Балалар қандай жануарлар мен аңдарды жақсы көретіндерімен бізбен бөлісті.
Балалар: «Арыстанды ұнатамын» , «Ал мен болсам түйе, аюды жақсы көремін», » Маған ұзын мойынды жираф ұнайды», «Менде үйде энциклопедия бар, онда осы жануарлар мен аңдар туралы жазылған. Өте қызық. Енді оларды тірірдей көріп, қуанып жатырмын».
Балаларға көтеріңкі көңіл сыйлаған демемушілер — қалалық мәслихаттың депутаты Данияр Қозыбақұлы , зообақтың басшылығы мен «Визит» ЖШС.
Ақмарал Жақсыбайқызы, әл Фараби аудандық әкімдігінің бас маманы: «Бүгінгі акция- халықаралық балаларды қорғау күніне арналған шара. Аудандағы аз қамтылған отбасыларындағы 200 дей бала зообақта серуен құруда. Алғысымыз демеушілерге шексіз».
Алдағы күндері демеушілердің көмегімен мерекелік іс-шаралар аудандағы саябақтарда, аулаларда және де мәдени орындарда ұйымдастырылады.