«Баукеңнің шарапаттары» жарық көрді

1093
"Баукеңнің шарапаттары" ой-толғауы жарық көрді

«Баукеңнің шарапаттары». Шымкентте осылай аталған кітаптың тұсаукесер кеші өтті. 2 жыл уақытты талап еткен Ішкі істер органдарының ардагері, милиция генерал-майоры Құлахмет Халменовтың ой -толғауы Ұлы Отан соғысының  қаһарман-батыры Бауыржан Момышұлы ерлігін насихаттау турасында жазылған. 296 беттен құралған кітап биыл Алматы қаласында «Алматы-Болашақ» баспасында басылыпты.

Ал қаламгердің бұл кітапты дүниеге әкелуіне “Қолбасшының күнделігі” деген еңбек ойтүрткі болған. Кітаптың алғашқы бетіндегі «Ғасырларға жарқырар рухани шамшырақ» деген алғысөз орнындағы Бауыржан Молмышұлы жайында бір үздік сыр шерткен саяси ғылымдардың докторы, профессор Әбдіжәлел Бәкір.

Құлахмет Қалменов еңбек жолын 16 жасында Ұлы Отан соғысының сұра пыл жылдарында бастаған жан. 1945 жылдан бастап 1987 жылға дейін ішкі істер органдарында елеулі еңбек атқарған. Бүгінде қаламгер “Өмір белестері”, “Құныққан қасқырлар”, “Тәртіптің мәңгілік сақшылары”, “Замана тынысы”, “Комиссар жазбалары”, “Воспоминания генерала милиции” сынды кітаптардың авторы болып үлгерді.

Осылайша, өскелең ұрпаққа өмір өнегесі бар, қызметтегі шеберлігін шығармашылықпен ұштастырған жазушы Құлахмет Дүйсенбекұлының 7-кітабы да жұртшылыққа жол тартты.

Әбдіжәлел Бәкір кітап турасында пікір білдірді

Әбдіжәлел Бәкір, саяси ғылымдардың докторы, профессор:

– Баукең жайында жазылар кітаптар әлі алда деп ойлаймын. Десе де ең шынайы да адамға рух беретін кітапты тек Құлахмет Қалменов қана жазуы мүмкін. Олай дейтін себебім, ағамыз Бауыржан Момышұлының көзін көрген азамат. Бірге дәмдес болып, рухтас болды. Зерттеу-толғауын толығымен оқып шықтым, бұл кітапты мен ерлік кітабы дер едім. Қазақстандықтарға «Баукеңнің шарапаттарын» оқу маңызды.

Құлахмет Халменов кітабын патриоттықа тәрбиелейтінін айтты

 Құлахмет Халменов, Ішкі істер органдарының ардагері, милиция генерал-майоры:

– Бауыржан Момышұлының 100 жылдығында қолыма “Қолбасшының күнделігі” атты еңбек түсті. Сол кезден бастап мені ой мазалады.Бұл кітап маған ғана емес, халыққа, ең алдымен жастарға, милиция мамандарға қажет. “Баукеңнің шарапаттары” елді патриоттыққа, елді, туған жерді суюге шақырады. Сондай-ақ еңбектің ерекшелігіне тоқталатын болсам, туынды сұхбат ретінде жазылды. Шынайы сезілуі үшін, әрине.