Ермек Байдуашев Лондонға барады

 

 

Еркін күрес шебері Ермек Байдуашев ерледі. Жерлесіміз Тайваньда өткен іріктеу турнирінде Олимпиада жолдамасын қоржынға салды.

Лондон билетін иемдену үшін білекті балуан бар күшін сарқыды. Алдымен, тәжік Салим Ходжаевты, словак Рене Матежовты ұтқанымен, ширек финалда болгариялық Сослан Гаджиевке есе жіберіп қойды.

Абырой болғанда, болгар балуаны финалға шығып, Ермекке жолдамаға таласуға мүмкіндік туды. Осы сәтті ұтымды пайдаланған ол Джеффей Адамсонды, одан кейін қытай балуанының жауырынын жер иіскетті.