«Оңтүстік Рабат» акциясында

278
"Оңтүстік Рабаттың" жәрмеңкесі

30 мамыр – сәрсенбінің сәтті күнінде жаңалықтың жаршысы, халық пен билік арасындағы дәнекер болған «Оңтүстік Рабат», «Рабат» басылымдарының оқырмандары үшін арнайы «Ашық есік» өтті. Жеңілдікпен жазылуға мүмкіндік алған оқырмандарға сауда белгілері де жеңілдік жасады. Яғни аталған басылымдармен тығыз жұмыс жасайтын жергілікті тауар өндірушілер ешқандай қоспа бағасыз, көтерме бағада ұсынды газет оқырмандарына. Қуанышын жасырмаған көпшілік мұндай сыйды күтпеген едік дейді.

Салтанат Жангелдинқызы, қала тұрғыны: «Расында да бүұл күн ерекше күн болды. Олай дейтін себебім, біз өзіміздің сүйікті газетіміз естен кетпес ерекше сый жасаудан жалықпады. Бұл аз десеңіз, қажет делінген мамандардың кеңесін алдық қой. Мынау жәрмеңкеден де азық-түлікті арзан бағада алудамыз. Үйге де қуана баратын болдық. Мұнда көрші-қолаңмен келген едім. Енді көршілеріммен бірге атап өтетін болып уағдаласып жатырмыз, басылымның бізге деген құрметін. Айтпақшы, «Оңтүстік Рабат», «Рабат» газеттерінің ұжымына тәнті болдым. Олар біздің жанымызды түсінеді бастысы. Тек біз үшін ғана жұмыс жасайтындарын тағы дәлелдеді.

  • "Оңтүстік Рабаттың" жәрмеңкесі осылай өрбіді

    Бекзат Артықбайов, қала тұрғыны: «Мұнда бала-шағаммен, әйеліммен келген едім. Міне, бір өзім 6 дана газетке жазылдым. Енді 1 қорап сыйды үйге алып кетіп барамын. Мұндағы жәрмеңкеден көп нәрсе алдық, мен негізі мұндай мерекелік көңіл күйді қалыптастырған ұжымға айтар алғысым шексіз. Таңданатыным сол – өзге де ұжымға бара қалсаңыз, олар аспанды ұстап тұрғандай сәлемдеспек тұрмақ, бізге қарамайды да. Ал бұл ұжымның бізге деген құрметін көріп сенімді серігімді көргендей жадыраймын. Себебі біздің сенімімізді ақтап, сөзімізге құлақ түріп жүрген басылымның атқарар жұмысы әлі алда деп ойлаймын өз басым. Мария Асанова, Сайрам ауданының тұрғыны:– Ия, менде өзімнің сүйікті газетімді іздеп келдім. Аудан арқылы жазылсам да болады ғой. Алайда мынадай құрметтен шет қалғым келмеді. Сондай-ақ ұжымға тілегімді жеткізгім келді көзбе-көз. Айтар алғысымды бұрындары тек телефон арқылы жеткізетінмін, бүгінде өркендеп тұрған, біздің жоғымызды жоқтап, күйімізді күйттейтін жанашырларыма айтарым болған соң, асыға келіп тұрмын. Таңертеңнен бері қобалжып, енді міне құрметті қонағы болып отырмын. Осындай сыйлардың иесі атандым. Жәрмеңкеге бас сұққан едім, азық-түлікті арқалап қайтамын енді». 

    Қуантарлығы сол бұл күні «Оңтүстік Рабат», «Рабат» басылымдары жаңа оқырмандарымен қауышты. Шындықтың қайнар бұлағы, халықтың көзі, һәм құлағы болып отырған басылым алдағы уақыта да тек халық игілігі үшін жұмыс жасайтын болады.