«Roof House» компаниясы ардагер үйінің шатырын ауыстырды

Ардагердің шатырын жөндеп берді

ҰОС-ның ардагері Тілеуімбет Қожаназаров күтпеген сыйға ие болды. Ақсақал тұратын үйдің шатыры қауіпті жағдайда болып, отбасы бұл мәселені 20 жылдан бері шеше алмай келген еді. Енді міне жеңісті жақындатқан жанға мереке қарсаңында қаладағы «Roof House» шатыр орталығы ерекше сый жасады.

Нұрлан ДОСАНОВ, «Roof House» компаниясының директоры: «Біз өз ардагерлеріміздің соғыс жылдарында жасаған ерен ерлігі үшін алғыс айтамыз. Ұлы мейрам қарсаңында Жеңісті жақындатқан осы бір қариямызға шағын сый жасауды жөн көрдік. Біз бұл бейбіт өміріміз үшін сұрапыл жылдарда кеудесін оққа тосқан азаматтарға мәңгілік қарыздармыз».

Ардагерге шатыр орнату компаниясы баспана жабынқышын ғана орнатып берген жоқ. Олар қазыналы қарт үйінің шайынды су жүйесін де жаңартты. Жаңбырлы күндері шатырдан аққан су зейнеткерді әбден абдырататын. Өзі жөндейін десе, оған күш-жігері де, қаржысы да жоқ. Айта өткен жөн, кейіпкеріміз қос соғыстың майдангері. Ол сұрапыл жыдарда ұлы отан соғысына да жапон соғысына да қатысқан ардагер.

Тілеуімбет ардагердің бүгінде 16 немере 2 шөбересі бар. Ақсақалды қария ұрпағына сындарлы жылдарда қалай ерлік көрсеткенін айтып отырады. Оны тағдыр соғыс жылдарында Венгрияға, Польша мен Украинаға да айдап барды. Ал ұлы жеңіс хабарын майдангер Қытайда жүріп естіп еді.

Тілеуімбет ҚОЖАНАЗАРОВ, ҰОС ардагері: «Бастапқыда американдық ұшақтарда жұмыс істедім. Содан соң бомбалаушы міндетінде болдым. Соғысты мен Венгриядан бастадым. Үйіміздің шатырын жөндету мәселесін біраздан бері қолға ала-алмай келе жатыр едік. Енді міне баспанамыздың сәні кіріп қалды. Біздің еңбегімізді елеп, ескеріп жатқан азаматтарға алғысым шексіз».

Соғыс ардагерінің үйіне құрылыс материалдарын әкелу жалғасып жатыр. Жұмысшылар Ұлы жеңіс мерекесі мейрамына дейін істі бітіруге уәде еткен. Қария үшін енді алаңдаудың қажеті шамалы. Өйткені, оның қамын қазір «Roof House» орталығы күйттеп жүр.