Сарыағаштық шенеунік парамен ұсталды

Оңтүстік Қазақсатн облысы Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Н.Тілеуов 750 мың теңге пара алу үстінде қолға түсті.

Бұл жайында  ОҚО бойынша ЭҚСЖД-ның (қаржы полициясы) баспасөз қызметі хабарлады.  Әкім орынбасары бұл қаржыны бір азаматқа жер телімін  бөлі жөніндегі шешім шығарып беру үшін еткен «қызметі» үшін сұраған көрінеді.

Қазір Н.Тілеуовтың үстінен ҚР ҚК-нің 24 бабы 3 бөлігі, 177 баптың 3 бөлігі «г» тармағымен қылмыстық іс қозғалды.

Мамырдың 19-ы күні айыпты сот санкциясымен қамауға алынған.

Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетсек, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік төрағасы Әлихан Бәйменов, қол астындағы қызметкер пара алған жағдайда  басшысы да қызметтен кету керек деген ұсыныс айтқан еді… парақорлық, жемқорлықты деңу үшін осы ұсынысқа заңдық негіз жасаған жөн бе деп қаласын… Бәлкім сонда шенеуніктер пара алудан қорқатын болар.