Шахмат клубы ардагерлердің сүйікті орнына айналған

420
ардагерлер бақ сынауда

Шымкентте ардагерлер арасында шахматтан қала біріншілігі басталды. «Ақ Тұлпар» шахмат клубы қалалық зейнеткерлердің сүйікті орнына айналғанын жарысқа қатысушыларға қарап бірден аңғаруға болады. Бақ сынаушылардың жас мөлшері 60 пен 92 жас аралығында. Қарт болса да, спорттық ойындардан қол үзбеген ардагерлер осындай сындар көп болса деген тілектерін де жасырмады.
Сондай-ақ, ардагер майдангерлермен кездесіп, әңгімелесу де салауатты өмір салтын қалыптастырумен қатар жас ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беруге таптырмас құрал.

Соғыста немістермен шайқасқан ардагерлер, бүгін шахмат тақтасында шайқасты. Жастары келіп қалса да, «шахы» мен «матын» жоғары дәрежеде пайдаланып, ойлау қабілеттерінің биік екенін тағы да дәлелдеді.
Шахмат тақтасына отырған қариялардың жеңімпазы екі күннен кейін белгілі болады.

Аралбай Байсапаров, шахмат клубының директоры: «Ардагерлерді жыл сайын шахмат тақтасының басына жинаймыз. Алды тоқсаннан асқан ардагерлеріміз жастарға салауатты өмір салтын ұстануды уағыздап қана қоймай, өздерінің уақыттарын тиімді пайдалануда. Әр мерекеде олардың басын қосып тұруды әдетке айналдырғанбыз. Онсызда күніге мұнда 30-40 қария жиналып, өзара шахмат ойнайды».