Соңғы қоңырау соғылған күні тәртіп те күшейтілді

461

Сөйтіп, әне-міне дегенше, соңғы қоңырау да сыңғырлап үлгерді. Айтса, айтқандай, қалалық ішкі істер басқармасы қызмет режимін қатаңдатты. Бұл тұрғыда айта кеткен жөн, шәкірттердің шамадан тыс серуендеп, ырду-дырду салуы бұған дейінгі жылдармен салыстырғанда әлдеқайда басылған. Дегенмен, биыл да тәртіп сақшыларының көзіне түскен шәкірттер жеткілікті болды.

Мектеп бітірдім деп масайраған шәкірттер. Бүгін жол ережесін бұзған түлектер қалалық ІІ басқармасы қызметкерлерінің құрығынан құтыла алмады. Бүгін арнайы рейдке шыққан мамандар бірнеше жасөспірімді ұстады. Олардың басым бөлігі әсіресе, №8-ші мектептің маңайынан табылды. Білім ұясына мемлекеттік нөмірсіз келген көліктерде кездесті. Бұдан бөлек, сенім хатсыз рольге отырған жүргізушілер де болды. Жол ережесін осылай өрескел бұзғандарға қатысты әкімшілік хаттама толтырып, бірқатар көліктер айып тұрағына жөнелтілді. Айта кету керек, қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлері бүгін күшейтілген қызмет режиміне көшіп, рейдтік шараны тәулік бойы жүргізуді жоспарлап отыр.

Ереже бұзған жүргізушілердің көліктері бірден ақылы айып тұрағына жөнелтілді. Соның бірі мына Паджеро көлігі мен Лексус 570 маркалы джиптер. Оқушыларды масайратып, сән-салтанатына салынып жүрген бұл көліктердің мемлекеттік нөмірлері де екінің бірінің қолына тие бермейді. Сөйтсек, оның бірі депуттаттың көлігі болып шықты.

Бұл оқиғалар тек түске дейін тіркелген олқылықтар ғана. Тәулік бойы жалғасқан рейдтік шараның нәтижесі тек келесі күні ғана белгілі болды. Әсіресе, атаулы күні темір тұлпарды тізгіндегендердің қатары кешқұрым қалыңдады.