Су тасқынынан зардап шеккендерге 79 млн, 832 мың теңге жиналды

189

ОҚО-дағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек қорына бүгінгі мәлімет бойынша 79 млн, 832 мың теңге қаржы түскен.

«Азаматтық Альянс» облыстық қоғамдық бірлестігі мен кәсіподақтар ұйымының үндеуімен өңіріміздің кәсіпкерлері мен ұжымдары, жеке азаматтар Ордабасы, Төлеби аудандары мен Арыс, Түркістан қалаларында тасқын судан баспанасы зақымдалып, зардап шеккен отбасыларға көмек қолын созуда.

Бұған қосымша үкіметтен және облыстық, аудандық бюджеттен де тиісті қаржы қаралды. Ондаған отбасыларға аталған көмекті үлестіріп, үйлерін қалпына келтіру жұмыстары жақын арада басталуы мүмкін.