Сыбайлас жемқорлыққа жол бергендер жазаланды

365

Сыбайлас жемқорлыққа жол бергендер жазаланды. ҚР Мемлекеттік істері агенттігінің ОҚО-дағы Тәртіптік кеңесінің мәжілісінде заңды ескермеген бірнеше қызметкер сөгіс алып бірқатары жұмыстан босатылды.

Жиында Отырар ауданына қарасты бірнеше ауыл округтері әкімдерінің істері қаралды. Сонымен қатар осы ауданның мәслихат аппаратының басшысы Амантай Төреханның тәртіптік ісі талқыға салынды. Кеңесте ісі қаралған мемлекеттік қызметкерлер көпшілігі мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамаларын және қызметшілердің Ар намыс кодексі талаптарын орындауда өреске қателіктерге бой алдырған.

Атқарған еңбектері бойынша талқы таразысына 19 қызметкердің ісі тартылды. Олардың бірқатарына қатаң сөгіс жарияланып, қалғандары қызметтен босатылды. Аудан ауылдардағы мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын тексеріп, қадағалау алдағы уақытта да қатаң жүргізілмек.