Жаңа ереже бекітілді

235

2012 жылдың 1-шілдесінен бастап Қазақстан аумағында экспортты импортты бақылауды жүргізуге және осы операцияға қатысатын резиденттердің есепті келісімді алуына жаңа ереже енгізілетін болады. Сыртқы экономикалық қатынастың қатысушыларына бұл жаңалықтың әсері қанша? Ең алдымен, Қазақстан аумағында экспорт және импорт алым салымдарын жүргізу үшін құжаттама толтыру және келісімдерді есепке алуды алып тастауға көп көмегі бар дейді банкирлер.

Диана Мирзанова, ҚР ҰБ ОҚОФ бас маман-экономисі:»Айырмашылығы сол,бұрын келісімді рәсімдеуде түпнұсқа немесе нотариалды рәсімделеген көшірмесі керек болатын. Техникалық ресурсты қатыстырылып жасалған келісім-шарт та 30 күнтізбелік күн бойынша берілуі керек тұғын. Қазір бұл талап алынып тасталды».

Ендігі жерде резидент бекітілген үлгі бойынша өтініш пен келісімнің түпнұсқасын немесе көшірмесін алып келуі қажет. Ал банк қызметкері 2 жұмыс күнінің ішінде келісімнің 1-ші не соңғы бетіне есепті номіріңіхзді жазып береді. Ережеге енгізілген жаңалықтар кәсіпкерлерді қағазбастылықтан құтқарып, бір жағынан сомасы 50 мың доллар тең келетін келісімдерді бақылауға мүмкіндік береді. Бұл дегеніңіз банк келісімнен түсетін валюталық түсімді толық бақылай алады деген сөз.

«Резидент құны 50 мыңнан астам доллар тұратын тауарды түсіріп алып, шет елдік серіктес үшін де пайдалысы сол, оның пайыздық мөлшері банкке түспейді. Содан барып, заңбұзушылық орын алып жатады. Дұрысы мекеме сот орындарына өтініш жазып, резиденттен алынбай қалған соманы өндіруіне болады. Немесе репатрация мерзімінің өзгертілуі туралы айғақтайтын құжат тапсыруы керек»-дейді Диана Мирзанова, ҚР ҰБ ОҚОФ бас маман-экономисі.

Қазіргі таңда валюталық заңдылықты сақтамағандарға қолданылатын жаза да қатаң. Бұрын айыппұл репатрацияның 20пайызы болса, қазір көлемі 40 пайызға жеткен. Егер сомасы 15 айлық есептік көрсеткіштен асып кетсе, қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. Мұндай заңбұзушылықтар туралы ақпараттар қаржы полициясына жолданатын болады.