Шанхайдағы көрмеде қазақстандық компания 18 млн. доллар келісімшартқа отырды

44
Созақта түйе сүтін өндіру кооперативі құрылмақ

Қытайдың импорттық тауарлардың бесінші халықаралық көрмесінде қазақстандық түйе сүтін өндіретін «Golden Camel» кәсіпорны шанхайлық сауда компанияларымен жалпы сомасы 18 миллион долларға 2 келісімшарт жасасты.

Кәсіпорын түйе сүтін өңдеп, дайын өнімді экспортқа жібереді. Қытай инвесторларының қатысуымен құрылған кәсіпорын Түркістан облысында түйе шаруашылығын дамытып келеді. 2018 жылы қуаттылығы тәулігіне 100 тонна шикізат түйе сүтін өңдейтін зауыт салды. Кептірілген түйе сүтінің алғашқы партиясы 2020 жылы Қытайға экспортталды.