Министр: Қазір нақты жұмыс істемесек, маусымаралық кезеңде бағаның өсуіне тап боламыз

46
фото strategy2050.kz

Премьер-Министрдің орынбасары – Cауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру бойынша өңірлердің әкімдіктерімен кеңес өткізді.

 

Өткен аптада ӘМАТ бағасының өсуі 0,6%-ды құрады. Премьер-Министрдің орынбасары өңірлердің әкімдіктері Түркістан облысынан ерте пісетін көкөністерді жеткізуді ұйымдастыру бойынша жұмысты толық жүргізбейтінін және бөлшек саудадағы үстеменің тиісті деңгейде болуын бақыламайтынын атап өтті.

«Көкөніс бағасының өсуі – алдын ала келісім-шарт жасамау және көкөніс бағасын белгілемеудің нәтижесі», — деді Бақыт Сұлтанов.

Павлодар және Қарағанды облыстарына қазір келісім-шарт жасап, өңірлермен форвардтық келісім-шарттар жасасу үшін егу кезінде картоп пен сәбізге ақша алғысы келетін тауар өндірушілердің тізімін енгізу тапсырылды. Жамбыл, Түркістан және Алматы облыстары күзгі пияз бен қырыққабатқа форвардтық келісім-шарттар жасауға ұсыныс енгізуі керек.

«Егер қазір нақты жұмыс істемесек, маусымаралық кезеңде біз тағы да бағаның өсуіне тап боламыз. Сондықтан бұл мәселенің маңыздылығын ерекше атап өткім келеді», — деді Б. Сұлтанов.

 

Шынар Оразова