Үй төрайымдары сөзден іске көшті

248

Қаламыздағы «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і шіріген су құбырларын ауыстыру, жөндеу бағытындағы іс-шараларды жалғастыруда. Олардың арасында көпқабатты тұрғын үйлердегі су есептегіш құралдарды баспалдақ алаңшасына шығару жұмысы да бар. Басты мақсат – қалаға су беру қызметінің сапасын жақсарту. Жақында осы мекеменің мамандары бір топ үй төрайымдарымен кездескен болатын. 

Коммуналдық қызметті ұсынушы мекеменің өкілдері мен тұрғындардың екі жақты басқосуында бұрыннан түйіні шешілмей келе жатқан мәселе сөз болды. Қаладағы көптеген үйлердегі су тарату жүйесінің ысыраптары толастар емес. Оның алдын алу үшін мамандар түрлі жолдарды қарастырып бағуда. Соның бірі – су өлшегіш құралдарды баспалдақ алаңшасына немесе жертөлеге шығару.

Дегенмен, су өлшегіш құралдарын алаңшаға немесе жертөлеге шығарып, орнатылған үйлер де бар. Үй төрайымдары бұл қадамның тиімділігін біледі. Сол үшін тұрғындарды үгіттеуге әлдеқашан кірісіп кеткен.

Жалпы алғанда, мамандардың бұл бағытта атқарып жүрген жұмыстарына үй төрағалары ризалықтарын білдіріп жатыр.