Облыстық ЭҚСЖД-і (қаржы полициясы) баспасөз қызметінің хабарлауынша 2012 жылдың 4 маусымында Ордабасы ауданы Қызылжар ауылындағы орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары 450 мың теңге пара алу үстінде ұсталды. Ол А. деген азаматқа баласының ҰБТ-дан 100-ден асық балл жинауына көмектесемін деп сеніміне кіріп, сол қызыметі үшін осыншама теңге дәметкен.
«Сол күні А.Қайранбекке қатысты ҚР ҚК-нің 24 бабы 3 бөлігімен — 177 бабы 2 бөлігі «в» тармағымен қылмыстық ісі қозғалды.
7 маусым күні Кайранбектен тілхаты алынды»,-дейді ОҚО бойынша ЭҚСЖД-нің бапасөз қызметі.