«Балауса – 2012» байқауы мәресіне жетті

433
"Балауса" байқауы мәресіне жетті

Республикамыздың жас өнерпаздарына үлкен мүмкіндік беріп, болашағына жол бастайтын байқау өз мәресіне жетті. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 70 өнерпаз атсалысты байқауға. 2 топ бойынша сынға түскен жас сайыпқырандар қобалжуы да байқалды байқау барысында. Бірінші рет сахна төріне көтерілгендері де болды. Десе де өнердің ұлылығы сонда, олар ойдағыдай өнерлерін таныта алды. Қазылар алқасының құрым тек өнер саласының майталмандарымен толықты. Сондай-ақ,  көрермендер залындағылар да байқау әділ өтті деп разы болды, өнерсүйерқауым. Қазылар алқасының төрайымы болып Роза Әміреқызы сайланған болатын. Ендеше, байқау былай қорытыланды.

"Балауса" байқауы мәресіне жетті

Кіші топ (7-12 жас аралығында) – ән наминациясы бойынша – бас жүлде (түрлі түсті теледидар) Дауылбаев Нұржан (Жаңа Өзен), 1-орын (микротолқынды пеш) – Сұлтанова Ляззат (Маңғыстау облысы), 2-орын (шаңсорғыш) Анасияева Маржан (Шымкент қаласы), 2-орын (шаңсорғыш) Амангелдіұлы Қуаныш (Шымкент қаласы), 3-орын (DVD) Байтуған Сағымжан (Тараз қаласы), Жұман Аружан (Шымкент), Серіков Ақжол (Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы), Сағымбек Медет (Тараз қаласы), Тоқтарбекова Әсел (Өскемен қаласы) иеленді.

Би наминациясы (7-12 жас аралығы – кіші топ) бас жүлде (түрлі түсті теледидар) «Арай» би тобы, 1-орын (микротолқынды пеш) «Жауқазын» (Маңғыстау обл), 2-орын (шаңсорғыш) «Балауса» (Тараз қаласы), 2-орын (шаңсорғыш) «Алтын дән» (Ақтөбе қаласы), 3-орын (DVD) «SV$danse» би тобы (Шымкент қаласы) лайық деп танылды.

Жоғарғы топ – (13-17 жас аралығы) ән наминациясы бас жүлде (түрлі түсті теледидар)Тәжі Айгерім (Шымкент қаласы), 1-орын (микротолықынды пеш) Мырзахметова Жазира (Ақтөбе қаласы), 2-орын (шаңсорғыш) Байтуған Сағымжанға (Тараз қаласы) бұйырды. 3-орынды (DVD) Бекмырза Арсылан (Шымкент қаласы), Қолдас Әлия (Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауд), Патсабек Назым (Тараз қаласы), Ережеп Қуаныш (Шымкент қаласы) қанағат тұтты.

Би бойынша – (жоғарғы топ – 13-17 жас аралығы) бас жүлдені (түрлі түсті теледидар) «Тұмар» би тобы (Қызылорда қаласы), 1-орынды (микротолқынды пеш) «Арай» би тобы (Ақтөбе қаласы), 2-орынды (шаңсорғыш) «Алтын дән» (Ақтөбе обл, Хромтау қаласы), «Қызғалдақтар» би тобы (Фортшевченко) алды .

Роза Әміреқызы, қазылар алқасының төрайымы: «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» демекші, мұндағылардың барлығы да жеңіске талпынып-ақ бақты. Бар өнерлерін ортаға салды. Десе де «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» деген бар емес пе?! Сондықтан өз бағаларын қойдық. Десе де «»Оңтүстік – өнер Ордасы» деген қанатты сөз бекр айтылмаған ғой, мұнда да таланттардың көбісі Шымкент шаһарынан көрініп жатқанын жасырмаймын. Оларға тек қана қанаттарың талмасын дегім келеді».