Сазды өнер ел Тәуелсіздігіне арналды

Мереке қарсаңында ұлттық аспаптар ансамблі алғаш рет концерт берді

Тәуелсіздіктің қанатында, шуақты күндердің ақ таңында ән жазып, жыр шумақтарын арнаған мына балалар №2 балалар саз мектебінің шәкірттері. Егемендік алғалы таланттыларға ерекше қолдау танытуда десек, сол қамқорлықтың аясында өнерін шыңдап, өзгелерді өнерімен табындырып жүрген өнерпаздар осында оқиды.

Құрманғазының күйлерін күмбірлете орындаған түрлі музыкалық аспаптардан құралған ансамбль ұжымы тек оқушылардан тұрады. 50 жылға уақыт тарихы бар саз мектебінде жаңадан құрылған күйшілер тобы алғашқы концертін Тәуелсіздік мерекесіне арнап отыр.

Ансамбль ұжымы:
Біздың ансамбль құрылғалы алғаш үлкен сахнаға шығып тұрмыз. Ойдағыдай өнер көрсеттік деген ойдамыз. Барлық қазақстандықтарды мерекемен құттықтаймыз.

Көне өнер ордасында 5 бағыт бойынша 500-ге жуық шәкірт тәрбиеленеді. Сондықтан, торқалы тойдың көркін қыздырып, жоғары дәрежеде аталып өтуіне өз үлесін қосуда олар шет қалмады. Бірлігі жарасып, бірауыздан тәуелсіздік тұғырлы болсын деген ниет білдірді.

Ал тамашалуға келген қонақтар жас өнерпаздардың тек биіктен көрінуіне тілектестік білдіріп, қалалық білім бөлімінің атынан мадақтау қағаздарын табыстады. Бұл күні шәкірт тәрбиелеуде ерен еңбек еткен ұстаздар қауымы мен ерекше көзге түскен оқушылардың мерейі үстем болды.