Сатылымға шайынды сумен суғарылған жүгері шығу қаупі бар

499

Қала сыртындағы шайынды сумен суғарылған дәнді дақылдар адам ағзасына зиянды ма? Бұл сауал бірнеше жылдан бері көтеріліп жүр. Осыған орай бірнеше жылдан бері Абай аудандық СЭҚБ мен прокуратура қызметкерлері осындай өнімдері бар алқаптарды қатаң бақылауға алдық деп отыр.  Мамандар сол алқапқа қандай дақылдар егілгенін анықтады.

Бұл аумақтағы егін алқабын бір емес, бірнеше диқан бөліп алған және олардың өсіретін дақылдары да сан түрлі. Бірі жүгері мен асқабақ отырғызса, енді бірі жоңышқа ұрығын сеуіпті. Белгілісі сол – бұл бақшалардың барлығы қалалықтардан шығараттын шайынды сумен суғарылады.

Осыдан үш жыл бұрын осы маңға қызанақ пен қияр отырғызған диқандар да кездескен болатын. Тек аудандық СЭҚБ мен прокурорлардың араласуымен шайынды сумен суғарылған өнімдер қалалықтардың дастарқанына жетпеді. Содан бері диқандардың әрекеттері қатаң бақылауда. Тек мал азығы үшін пайдаланылатын өнім егілуі тиіс. Мұнда бір ғана көңілге күйбең түсіретін жайттың бары жасырын емес. Ол – алдағы 10 күнде пісіп-жетілгелі тұрған жүгерінің дүмбілі базарларымызда сатылмасын деп тілейік.