Экономикалық қылмыс пен сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің құрылғанына – 18 жыл

253

Эконкомикалық қылмыс пен сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің құрылғанына – 18 жыл. Ең алғаш 1994 жылы 6-маусым күні Салық басқармасы деп құрылған орган қазіргі уақытта қаржы полициясы деп де аталады.

Осы айтулы датаға Шәмші Қалдаяқов атындағы филармонияда департамент қызметкерлері бас қосты. Салтанатты жиынға еліміздің экономикалық және сыбайлас қылмыспен күрес агенттігінің төрағасы Рашид Түсіпбеков келіп, бірқатар қызметкерлердің жаңа шенге ие болғанын хабарлады.

Ал облыс әкімінің бірінші орынбасары Берік Оспанов пен «НұрОтан» ХДП-сы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Өмірзақ Мелдеханов сала қызметкерлеріне мадақтау қағаздары және алғыс хаттарын табыстады. Бұл шарада сала ардагерлері де назардан тыс қалған жоқ.