Úı Oqys oqıǵa Оңтүстікте жыландар үйге кіре бастады

Оңтүстікте жыландар үйге кіре бастады

Күн ысығалы бауырымен жорғалаушылар белсене түсті. Мысалы, жыландар. Олардың аулалар мен үйлерге кіріп кетуі де кездесуде. Кешегі бір күннің ішінде құтқарушыларға осындай 3 қоңырау түскен.

Дәрігерлер «жаман айтпай, жақсы жоқ» дейді. Әзірше, жыланнан зардап шеккен адам жоқ, алайда, бірнеше адамды қарақұрт шағып үлгерген.

Ал құтқарушылар шілде түскен соң құрт-құмырсқалар бұрынғыдан да белсенеді деп, әзір отыр. Сондықтан, тұрғындарды абай болуға шақырады.