Шымкент азаматы оқ салынған дорба тауып алды

231
полицей мырза

Шымкент қаласында үй салып жатқан бір азамат оқ-дәрі салынған сөмке тауып алды деп хабарлайды ОҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

14-маусым күні кезекші бөлімге ішінде гранаталары бар сөмке табылғаны жайлы суыт хабар келіп түседі. Оқиға орнына келген полицейлер қара түсті сөмкенің ішінен Ф-1 және РГП-5 гранаталары мен аңшы мылтығының 6 оғын тауып алады.

Төңіректі толық қоршаған тәртіп сақшылары адамдарды қауіпсіз жерге көшіріп, саперларды шақырған. Қазіргі кезде тексеру жұмыстары жалғасуда.