Шымкентте БАҚ арасындағы спартакиада жалғасуда

355
арқан тарту бойынша "Отырар" командасы үшінші орыннан көрінді, фото Тимур Джумабековтікі

Бұқаралық ақпарат қызметінің өкілдері спорт алаңына қайта шықты. Спартакиада жалғасуда. Турнирдің екінші күнінде тілшілер арасындағы жел аяқтар және қара күш иелері сынға түсті. Ауа райының жаңбырлы болуына байланысты жеңілатлетикадан өтуі тиіс жарыс төбесі жабық манежге ауыстырылды. Мұнда 40-қа жуық спортшы-журналист ептілік танытуға тырысты.

Әр ұжымнан төрт спортшы қатысты. Олардың арасында «Отырар» телеарнасының қызметкерлері де болды. Бахрам, Динара, Катерина және Бахром мәре сызығына бірінші болып жетуге тырысты. Сөйтіп, Динара ақтық сынға шығып, нәтижесінде екінші орыннан көрінді.

Динара Бекболаева,»Отырар» телеарнасының спорт редакциясының тілшісі: «Спорт саласының тілшісі болған соң, бұл спартакиадаға қатысу өзімнің міндетім деп білдім. Ақтық сынға шығып, екінші орын алдым. Әрине, қуаныштымын».

Ал арқан тартуға қара күш иелері алаңға шақырылды. Алғашқы тартыста «Южный Казахстан» газетінің ұжымы ептілік танытса, «Отырар»- «Қазақстан Шымкент» телеарнасының әуесқой спортшыларын артта қалдырды.

  Зәуре Оралбаева, «Отырар» телеарнасының бас редакторы: «Мұндай спартакиадалар тілшілерге өте қажет. Бір уақ болсын жұмысты ұмытып, спорттық киімде салауатты өмір салтын сақтауға кірісп кеттік. Әріптестерімнің дайындығы жақсы деген сеніммен айта аламын. Бас жүлдені жеңіп алмасақ та қатысып, өскелең ұрпақты спортпен шұғылдануға шақыруымыздың өзі үлкен іс деп білемін».

Ал ақтық сынға жолдама үшін «Южный қазахстан» мен «Панорама шымкент» таласты. Шешуші кездесуде бас жүлдені де осы екі команда өзара бөлісті.

Ал үшінші орын үшін таласта «Отырардың» ептілері мен «Оңтүстік Қазақстан» газетінің ұжымы күш сынасты. Нәтижесінде алғашқы үштікті телеарна ұжымы жеңіп алды.