Шымкентте су және газ құбырын шығаратын жаңа кәсіпорын іске қосылды

491
сурет Тимур Джумабековтікі

Шымкентте енді су және газ құбырлары жасалып шығарылады. Индустрияландыру картасы аясында индустриалдық аймақта «Компания ЮГ Пласт» ЖШС іске қосылды. Серіктестіктің өнімдері қазірдің өзінде сұранысқа ие.

«Таза су» және «Ақ бұлақ» бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында елдімекендерге су жүйесін жүргізу үшін құбырларға тапсырыс түсіп жатыр. Газ және су құбырларын жасап шығаратын жаңа өндіріс орны индустриалдық аймақта орналасқан.

«Компания Югпласт » ЖШС-індегі екі технологиялық желіде түрлі диаметрлік пластмассалық құбырлар дайындалады. Өндірістік қуаты жылына 6 мың тонна өнім шығаруға бағытталған. Бұрын мұндай құбырлар бізге Алматы, Ақтөбе, Оралдан жеткізілсе, енді қажетті өнім Шымкенттің өзінде жасалынады.

Қуаныш Шымкентбаев, «Компания Юг Пласт» ЖШС-нің өкілі: «Қазірдің өзінде біздің өнімдерге тапсырыс көптеп түсуде. «Таза су» бағдарламасы бойынша  өңіріміздегі аудандардан өкілдер келуде. Коммуналдық қажеттілікке керек   пластмассалық құбырлардың  түрлері шығарылады».

Шикізаттан да тапшылық жоқ. Келісім негізінде ол Оңтүстік Кореядан жеткізілуде. Неміс қондырғылары автоматтандырылған жүйемен жұмыс жасайды. Оны іске қосу қиын емес, алайда мұқияттылықты талап етеді дейді өз ісінің маманы Болат Нұрманов.

Болат Нұрманов, Компания Югпласт » ЖШС-нің жұмысшы : Бұрын  құрылыста істейтін едім. Жақында хабарландыру арқылы мына өндіріске орналастым. Жұмыс  аусымды, жалақысы да жаман емес.

Индустриялдық аймақта кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасалған. Инфроқұрылым жергілікті бюджет есебінен тартылған. Сондай ақ қажетті теміржол жүйесі де қарастырылған. Ең бастысы, индустриалды картаға енген кәсіпорындар үшін жер телімі тегін.

Сапарбек ТҰяқбаев, облыс әкімінің орынбасары : «Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында  58 жобаның 22-і іске қосылды. Жылдың соңына дейін тағы 10 жоба жүзеге асады. Ал келер жылы ол көрсеткіш  20 жобамен толығады».

Индустриалды аймақта өндіріске қажетті мамандарды да даярлайды. Осындай шағын өндіріс аймақтары Кентау, Түркістан, Шардарада да ашылмақшы. Өңірдің экономикасын дамыту арқылы тұрғылықты халықтың әл-ауқатын жақсарту басты мақсат болып тұр .