Шымкенттің ҰБТ-дағы биылғы көрсеткіші – 71,74 балл

307
ҰБТ-2012

ҰБТ бітті. Қорытынды көңілге қонымсыз. Сонымен Шымкент мектептерін саралап көрген, арнайы рейтингіге көңіл бөліңіз:

1.  № 47 мектеп-гимназия-  93  балл
2.  № 23 мектеп-лицей – 89,3 балл
3. № 80 мектеп – 84, 7 балл
4. № 1 мектеп-гимназия – 82,3 балл
5.  № 9 лицей- 82  балл
6. № 42 мектеп – 80,5 балл
7.  № 20 мектеп-гиназия – 80,4 балл
8. № 46 мектеп – 78,74 балл
9. № 25 мектеп-гимназия – 77,92 балл
10.  № 26 мектеп – 77,2 балл

Ал бітіруші 101 балдан жоғары жинаған білім ордаларына тоқталатын болсақ, көшті  № 23 – 27,4%, № 47 – 26,4% гиназия мектебінің оқушылары бастап тұр.   № 9 лицей – 24,1%,  № 80 мектеп  – 23,1%,  № 65 гимназия мектебі – 20,9%,сондай-ақ  № 38 гимназия – 19,4%, № 28 мектеп – 15,4%, және  №1 гимназия- 15,2% .

Шымкент қаласының орташа балы- 71,74. Бұл өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Былтыр 90,0 балды көрсеткішке ие болғанбыз.

Облыс бойынша аудиториядан қуылған 31 бітіруші тұлектің ішінде, шымкенттіктер жоқ.Яғни, біздің оқушылар саналы тәрбиелерін көрсете білген.

Ал «Алтын белгіге» үміткер 156 үміткердің 44 білімдерін дәлелдеп, төстеріне 11 жылда жеткен жетістіктерін медалі тақпақ.

Бір әттеген-айы, Шымкенттік шәкірттер математика және Қазақстан тарихы пәнінен ақсаңдаған. Оған қазақ тілі мен орыс тілі пәнін тағы қосыңыз.