Шымкенттіктер толығымен жеке сәйкестендіру нөміріне қол жеткізді

297

Шымкентте жеке сәйкестендіру нөмірін беру ісі толығымен аяқталды. Қала тұрғындары құжаттандырудағы міндеттемені жүзеге асыруда алдына жан салған жоқ. Әрбір қазақстандықтың жеке бас куәлігі мен төлқұжатында 12 саннан тұратын жеке сәйкестендіру нөмірі болуы шарт. 2013 жылдың қаңтарына дейін қол жеткізу мерзімі бекітілген құжаттармен қала тұрғындары толығымен қамтылды. 16 жасқа толған Динара Қалидің жолы болды. Жеке сәйкестендіру нөмірі бойжеткеннің жаңа жеке куәлігінде теріледі. Құжат 45 күнде дайын болады.

Динара Қали, Шымкент қаласының тұрғыны: «Рәсімдеу бойынша қандай құжаттар қажет екендігін кеңесші айтып берді. Ешқандай кедергісіз  кезекте тұрмай құжаттарымды тапсырдым. Жеке куәлігімді бір жарым айда аламын».

Азаматтарды құжаттандыру жүйелі жолға қойылғандықтан еш қиындықсыз жүргізілуде. ОҚО бойынша жеке сәйкестендіру нөмірі бар жаңа құжаттарды 39 мың 826 адам алса, ал шымкент қаласы бойынша бұл көрсеткіш 9 мың 044. Шымкенттіктердің барлығы дерлік жеке сәйкестендіру нөмірі бар құжаттарға қол жеткізді.

Нұрғали ӘБДІҚАДЫР Шымкент ҚІІБ Абай ПБ көші қон полиция бөлімінің инспекторы, полиция лейтенанты : «2007  жылға дейін туылған балалардың туу туралы куәліктерінде жеке сәйкестендіру нөмірлері жоқ болса, ата-аналар    12 санды нөмірді алу үшін өздерінің жеке куәліктері мен баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі мен үй кітапшасындағы тіркелгені жөнінде анықтама тапсыруы тиіс».

Мамандар ата аналарды жазғы мезгілді пайдаланып, жеке сәйкестендіру нөмірін алуға шақырады. Ол үшін Мәделі Қожа көшесіндегі халыққа қызмет көрсету орталығындағы екі филаиалға, қаладағы Теріскей және 3-ші шағын ауданындағы халыққа қызмет көрсету орталықтарына баруға болады.