Біржан Лондон Олимпиадасына дайын

132
Біржан оңтүстіктің атынан Лондонда ептілігін сынға салатын жалғыз боксшы, фото Тимур Джумабековтікі

Оңтүстіктен Лондон Олимпиадасына жол тартқалы отырған жалғыз боксшы Біржан Жақыпов бұл күндері Шым қалада демалыста. Алайда үзіліс кезінде де жерлесіміз жаттығуларын тоқтатпады.

Олимпиадаға дейін санаулы ғана күндер қалды. Сол себепті де демалуға уақыт жоқ. Бір қатар жарыстарда ептілігін сынға салып, Біржан өзінің бүгінгі дайындығын оң бағалап отыр.

Қарсыластар таныс, алайда соңғы олимпиада ойындарында және Әлем чемпионатында жіберген қателіктерді қайталамас үшін Біржан соңғы айларда тынбай еңбектенген. Оның жемісін Лондонда көрермін дейді шымкенттік боксшы.

Біржан Жақыпов: «Демалысқа қарамастан дайындалып жатырмыз. Дайындығым ойдағыдай. 20 күндей тауда жаттықтық. Табиғат аясында ет жеп қымыз ішіп күш жинадық. Енді алдағы күндері Астанада оқу жаттығу жиынын өткіземіз. Басты жоспар Олимпиада шыңына көтерілу ғой».