Көршіңізбен тату тұрасыз ба?

Көршілер

Көрші – қонысы ортақ, етене араласып, күнделікті жүзбе-­жүз кездесіп, аман-саулық сұрасып жүретін кісілеріміз. Қазақ халқы «көршіні Құдай қосады» дейді. Жаңа орынға көшіп келісімен ерулік беріп, қоныс тойын жасау дәстүрінде де ең әуелгі ниет – көрші қолаңдармен танысу болған.

«Адам күні – адаммен» демекші, күнделікті өмірде әркім-ақ көршіні қажетсінеді. Өйткені, бір іс туып қиналғанда, қажет болғанда ең алдымен көршілерден көмек сұрап жатамыз. Көршімен сыйластық – елдің сыйластығын, көршімен татулық – қоғамның татулығын ұқтыратындықтан, ислам діні көршімен жарасымды сыйластықта болуға шақырады.

Көршімен жақсы тұру – Алла тағаланың әмірі. Бұл туралы қасиетті Құранда: «Аллаға құлшылық қылыңдар. Оған ешкімді серік қоспаңдар. Әке­-шешеге, туыстарға, жетімдерге, кедей­кепшіктерге, жақын көршіге, алыс көршіге, жаныңдағы жол-дасыңа, қаражаты таусылған жолаушыларға, қолдарыңа қарағандарға (қызметшілерге) жақсылық жасаңдар. Алла дандайсыған тәкаппарларды жақсы көрмейді» делінген («Ниса» сүресі, 36-аят).

Шаменова Балжан, Алтын алқа иегері, еңбек ері: «Менің орыс та, неміс те, өзбек те көршім болды. Барлығымен тату-тәтті өмір сүрдім. Көп қабатты үйде тұрғанымда барлығы маған кілттерін тастап кететін. Ағайынның аты озғанша, көршіңнін аты озсын дегендей. Қашанда көршіңмен қоян-қолтық тығыз жақсы қарым-қатынаста болған дұрыс. Менің көршіммен жақсы тіл табысуға арналған ең сүйікті тәсілім ол шәйға шақыру. Астан үлкен ешкім жоқ дегендей, жайма шуақ көңілмен дастархан басында әңгіме дүкен құрып сен көршіңмен жақын араласа бастайсын. мен Қайтпас елді мекенінде тұрамын. Бір көше өте тату тұрамыз. Көрші кемпірлеріммен туған абысындаймыз. Бұл әрекетімізбен біз жастарға үлгі болуымыз керек. Өйткені тәрбие тал бесіктен басталады емес пе?