«Нұрсәт» шағынауданының тұрғындары құрт-құмырсқамен күресуде

562

«Нұрсәт» шағынауданындағы 170, 167,168 үйлердің тұрғындары пәтерлерінде ұсақ жәндіктердің көбейіп кеткенін  бізге  жеткізді. Қаламызда сарышаян, бүрге, масала секілді құрт-құмырсқаларға қарсы дәрілеу жұмыстарымен Шымкентте оншақты мекеме айналысады. Бүгінде аталған мамандардың жұмыстары күрт көбейген. Себебі, тұрғындардан келіп түсетін шақыртулар жетіп артылады.

«Нұрсәт» шағынауданда тұратын Айгүл Сахова үшін балаларының құлақтарына мақта тығып, едендер мен қуыстарды химиялық қоспамен тазалап сүрту күнделікті ісіне айналған. Осы пәтерге қоныстанғанына 3 жыл болған отбасы майда жәндіктермен осылай күреседі. Құрт-құмырсканыың бұлайшу көбеюінің негізі себебі — бұл жер бұрын егістік-бидай алқабы болатын дейді 3 баланың анасы.

Айгүл Сахова, «Нұрсәт» шағынауданының тұрғыны: «Жаз мезгілінде  құрт-құмырсқа  көбейеді.Сарышаян, қырықаяқ, бүрге әптерімізге дейін жеткен. Енді жер төлесі мен шатырды дәрілеуге  қалалық дезинфекциялау стансасынан  мамандарды шақырдық. Алайда қауіптеніп отырмыз, балараымыз иістеніп қалады ма деп».

Шымкент қалалық дезинфекциялау стансасымен хабарласқан тұрғын бүрге қаптап кетті деп арыздануда. Маман мекенжайды жазып алып, дәрілеу тобының баратын уақытын қоңырау шалған азаматқа түсіндірді. Бұл мамандар күніне онға тарта қоңырау қабылдайды.

Гүлнара Сапарова, Шымкент қалалық дезинфекциялау стансасы профилактикалық бөлімнің меңгерушісі: «Жалпы тұрғындар сарышаян, бүрке, құрттар мазалап жатыр деп хабарласады. Әсіресе шағымдар жаз мезгілінде көптеп түседі. Көктем және күз айларында да жәндіктерге қарсы нендей шара қолданамыз деп кеңес сұрайды. Біздің мекеме ақылы қызмет көрсетеді».

Майда жәндіктерге қарсы дәрілеу жұмыстарымен қаламызда оншақты мекеме айналысады. Егерде жертөлеңізде маса, бүрге көбейіп кетсе, онда Шымкент қалалық дезинфекциялау стансасына 40-73-80 байланыс телефоны бойынша хабарласыңыздар. Ал шаға қалған жағдайда дереу дәрігердің көмегіне жүгініңіз.