«Нұр Отан» ХДП мен ОҚОФ Кедендік бақылау департаменті жемқорлықпен бірге күреспек

244

Жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты жетілдіру, оны тудырушы себептер мен жағдайларды жою бағытындағы іргелі істерге НұрОтан ХДП ОҚО филиалы үнемі ұйытқы болып жүр.

Бүгін партияның өлкелік филиалы мен ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің облыстық кедендік бақылау департаменті «Қызмет бабын пайдаланып, азаматтардың әлеуметтік мүдделеріне қиянат жасау мен құқық бұзушылыққа жол бермеуде күшті біріктіріп, өзара іс қимыл және ынтымақтастық туралы» меморандумға қол қойды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуге бағытталған бірлескен іс шаралар жоспары алдағы уақытта оң нәтиже береді деген сенім де жоқ емес.