Шымкентте бензин бағасы арзандады

291
жанаржағармай

Шымкентте бензин бағасы арзандады. Мұнай және газ министрлігінің бұйрығымен жанармай құю бекеттері сұйық отынның құнын төмендетуге мәжбүр. Кешегі аптада әлемдік нарықтағы мұнай бағасының арзандауы қарапайым халыққа жағымды жаңалық сыйлады.

Бензин бағасы арзандағанын естіген жүргізушілер таң сәріден жанармай құю бекеттеріне қарай ағылды. Кейбір стансаларда тіпті көліктер кептеліп те қалған. Жүргізушілер бұл бір сәттілік болды деп, жанармай багын ернеуіне дейін толтырып құйып алуда.  

Айтарлықтай болмаса да, әр литр үшін алты теңгеге төмендеген жанармай құны қара халықтың қалтасын қомпайтпаса да, тиімді болары анық. Сонымен, АИ-92 маркалы бензин 106 теңге, АИ 80-86 теңге, дизельді отын 90 теңгеге тұрақтады. Әлемдік нарықтағы мұнай құнының төмендеуі мен Ресейден келетін сұйық отын көлемінің артуы жұртты қуанышқа бөлегендей. Бірақ жанармай құю бекет басшылары бұған риза емес сияқты.

Сарапшылар алдағы уақытта сұйық отын нарқының қандай боларын болжап айта алмайды. Бірер айдан соң баға саясаты тағы да өзгеріп, жанармай құны күрт көтерілуі ғажап емес.