«Балалар әлемі» дүкені ашылды

906
балаларға базарлық

«Бәрі де балалар үшін». Қуыршақтар мен сиқыршылар әлеміне жетелер жаңа дүкен «Балалар әлемі» дүкені шымкенттік балғындарға базарлығын аямақ емес. Қызықты байқаулар мен шоу бағдарламалар балалар түгіл ересекетрді де елітіп әкетті. Сатып алушылар жаңа дүкеннің ерекшеліктерін ескеріп те үлгеріпті.

Кішкентай Карэн жаңа оқу жылына дайындалып жүр. Су жаңа сөмке мен киім-кешегін жаңа дүкеннен сатып алған ол анасымен бірге енді ойыншық алмақ.»Маған дүкен қатты ұнады. Ойыншықтары көп екен»-деп қуанышын жасыра алмады бүлдіршін.

Оңтүстіктегі ең ірі балалар дүкенінен кез-келген талғамға сай тауар таба аласыз. Интерактивті ойыншықтар мен сөйлей білетін мысық пен күшік… тағы басқа толып жатқан дүние ұл-қызыңызды қуантары хақ. Ал нәрестелерге араналған қоларбалар мен жөргектер… Бәрі де сапалы, талғаммен таңдалып алынған. Бағасы да қалтаны қақпайды.

Ахан Бисенбаев, «Әл-Фараби» сауда кешенінің еншілес құрылтайшысы:»Біз Мәскеудің «Детский мир» дүкенімен тығыз жұмыс жасаймыз. Бұл елімізде ашылып  жатқан 3-ші дүкен. Алдыңғы екеуі Алматы мен Астанада болатын. Тауардың бәрі де сапалы. Балаларға тек сапалы өнім ұсынуға тырысып жатырмыз».

Шымкенттегі жаңа дүкен сатып алушыларды жаңа жиынтықтармен қуанта бермек. Тек күндізгі сағат оннан кешкі онға дейін уақыт тауып келсеңіз болғаны.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=gs06WwAOE4U[/youtube]