«Дельфин» аквабағына шомылуға келіңіз

365
"Дельфин" аквасаябағы - Шымкенттегі таңдаулы демалыс орны

Жадыраңқы жаз да аяқталып келеді. Соңғы күндері, тамыздың басынан бері ауа райы өңірімізде қатты ысып тұр. Осы орайда шымкентіктердің сүйікті демалыс орнына айналған «Дельфин» аквабағы әлі де болса тұрғындарды шомылып, көңіл көтеруге шақырады.

Аптап ыстықта салқын суға шомылып, қызыққа батыңыз! Шымкентіктердің қуанышты мезеттерін «Дельфин» аквабағында өткізуді жақсы әдетке айналдырғалы қашан. Мөлдір сулы хауыз, сырғанақ пен жатын орындар демалыстың ойдағыдай өтуіне кепіл болмақ. Мұнда әсіресе жас саяхатшыларға көңіл бөлінген. Күнге қыздырынып, суға шомылған бүлдіршіндер денсаулығын жақсарта алады.

Тұрғын: «Біз кішкентайларымызбен келдік. Анда тағы екеуі жүгіріп ойнап жүр. Мұнда қауіпсіз. Құтқарушылар да жақында. Балаларды алыстан бақылап отыруға болады».

Барлық демалысын «Дельфин» аквабағында өткізіп жатқандардың бірі Бекжігітовтер отбасы. Олар үйлерінің осынау жанға жайлы орынға жақын болғанына дән риза.

Аквабақтың бар жақсысына тұрғындармен қоса қала қонақтары да жоғары баға береді. Олар мұнда демалысты Еуропадағыдай көңілді өткізуге мүмкіндік бар деп есептейді.

Брест қаласынан келген қонақ: «Демалысымыз керемет өтіп жатыр. Мөлдір таза судан шықпай шомыла бергің келеді».

Шомылу маусымы аяқталуға жақын. Жаздың соңғы күндерін ойыңыздағыдай етіп өткізгіңіз келсе – Дельфин аквабағына келіңіз.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=mQUjKtz3GTQ[/youtube]