Кенеге қарсы күзгі күрес басталды

385

Облысымыз кенеге қарсы күресін тағы бастады. Мал дәрігерлері күзгі науқандық жұмысын бірден бастап кетті. Бұл қауіпті қансорғыштармен күрестің күзгі кезеңі. Облыс бойынша 4 миллионан аса уақ мал және 1 миллиондай ірі қара дәріленеді.

Өткен жылдың осы мезгілінде облыста 5 123 адам кене шағу диагнозымен ауруханаға жеткізілсе, биыл ол 20 пайызға кеміп, 4 156 адамды құрап отыр. Дегенмен еркінсуге болмайды. Қырым қанды қызбасы қауіпті індет. Кене шағу көрсеткішінен көш басында Кентау мен Төлеби  келеді.

Осы шараға 300 млн. теңге бөлінсе, келесі жылға бөлінетін қаражат қомақты болмақ. Қала бойынша мал басы көп. Дәрігерлер межеге  Ақтас ауылын алды. Мал тоқытып, қора-қопсыны дәрілеуді осы елді мекеннен әдейі бастаған.  Бір күнің өзінде мұнда 1000 қой мен ешкі шомылдырылыпты.  Көктемгі тап осындай шараның арқасында кенеден қорқуды қойдық дейді ауыл ақсақалдары.

Шымкент қаласындағы ветеринариялық мекеменің алдағы жоспары ауқымды. Қала аумағындағы 5 ірі елді мекенде стационарлық үлкен әуіт салып, қосымша 10 жылжымалы мал тоқыту бекетін жасамақ. Әзірге қолда бар 12 әуітті пайдалануға мәжбір. Жоспардың іске асуы жұмыстың ширауына негіз.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=RJsdhJiDH0A[/youtube]