«Шапағаттықтар» шаршап жүр

Қаладағы «Шапағат» шағынауданынан сән кетуде. Шаңға оранған «Шапағат» енді қоқыстан көз ашпауда. Тұрғындар бұл мәселені кімге айтарын білмей дал. Себебі, шағымданып бармаған жері жоқ. Айтыла-айтыла жауыр болған мәселенің түпкілікті шешімін кім, қашан шығарары белгісіз. Аймақтың айнадай тазалығын бұзып отырғандар кім? Кінәліні тұрғындар анықтаған да. Оны дәлелдеу үшін болған жәйтты бейнетаспаға түсіріп алыпты. Күл-қоқысқа айналған шағынауданға әкімдік өкілдері түгілі, санитар мамандар да аяқ баспайды.

Аудандағы қоқыс қалдықтарын жинау үшін қала әкімдігі 60 млн. теңге қаражат бөліп, екі мердігер мекемені бекіткен. Жұмысшылар таңның атысынан күннің батысына дейін аумақтағы қоқсыған қоқысты тазалайды-ақ. Бірақ, аузы-мұрнына дейін толған контейнерлер мен қалдыққа толы көшені тазартып біту мүмкін емес. Мұндайда тәртіп сақшыларының көмегі қажет дейді әкімдіктегілер. Бұл келеңсіздікке Шымкент қаласыныңы қоқыс полигонында қалыптасқан жағдайдың әсер етуі де ғажап емес. Себебі, жаңа полигон әлі іске қосылған жоқ, ал ескісін қайта қалпына келтіру жұмысы аяқталмаған. Нәтижесінде тұрғындар қоқысты қалаған жеріне лақтырып кетуді әдетке айналдырған.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=zLhvKtqhhFc[/youtube]